×

Салық реформасы бюджетке қанша пайда әкелді?

Салық реформасы бюджетке қанша пайда әкелді?
baimedia.kz

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті трансферттерді есептемегенде 6,4 трлн теңгеге толықты. Бұл жоспардың 104,3%-ға орындалғанын және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімнің 17%-ға артқанын білдіреді. Қаржы министрі Мәди Такиев үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, импортқа салынатын қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша түсімдер 165 млрд теңгеге өскен. Бұл соманың шамамен 80 млрд теңгесі салық мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты болса, қалған бөлігі әкімшілендіруді жақсарту есебінен түскен. Сондай-ақ, мұнай бағасының барреліне 80,6 доллар болуы бюджетке экспорттық баж салығы арқылы 40,5 млрд теңге қосымша табыс әкелді. Алайда, теңгенің нығаюы (орташа курс 497,7) түсімдерді шамамен 146 млрд теңгеге азайтқан.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру нәтижесінде бюджетке тағы 137,6 млрд теңге құйылды. Реформа аясында бұған дейін есепте тұрмаған 348 мыңға жуық адам заңдастырылды. Бюджет шығыстары 94,3%-ға орындалды, оның ішінде 1,8 трлн теңге әлеуметтік міндеттемелерге, ал 1,3 трлн теңге өңірлерге трансферт ретінде бағытталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →