×

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды
qamqor.gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ бұрынғы вице-президенті Азамат Капеновке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, Капенов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарымен жұмыс істеу қызметін көрсету кезінде өзіне аффилирленген компанияларға заңсыз преференциялар беріп отырған. ҚМА өкілдерінің хабарлауынша, бұл әрекеттердің салдарынан «ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамына 5,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Қазіргі уақытта Азамат Капеновке халықаралық іздеу жарияланып, сот шешімімен оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланды.

Сонымен қатар, келтірілген шығынды өтеу және заңсыз иемденілген активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасының өтінішімен Астана қаласының ауданаралық қылмыстық соты «Достық» станциясындағы терминалды мемлекет меншігіне тәркілеу туралы қаулы шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →