×

Уағызшы Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды

Уағызшы Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды
видеодан кадр

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін Дарын Мубаровты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл – «уағызшы» ретінде танымал азаматтың соңғы бір жыл ішіндегі осымен екінші рет заң бұзуы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін, 2025 жылдың қазан айында Д. Мубаров дәл осындай әрекеті үшін жазаланған болатын. Алайда заң талаптарын қайта елемегені үшін бұл жолы оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 8-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Аталған бап әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағандарға арналған.

Сот шешімімен Дарын Мубаров кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Бұл бүгінгі таңда 865 000 теңгені құрайды.

Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері Қазақстан заңнамасына сәйкес, діни материалдарды тек арнайы белгіленген орындарда және тиісті рұқсатпен ғана таратуға болатынын ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →