Егер несие бойынша берешек 5 жыл және одан да көп уақыт өтелмеген болса, бұл жеңілдіктер берілмейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, кейбір азаматтардың мерзімі өткен несиесі табысы мен мүлкін тексермей-ақ есептен шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазіргі талап бойынша қарызды есептен шығару үшін екі шарт сақталуы тиіс:
Алайда кейбір санаттағы адамдар үшін бұл талаптар қолданылмайды.
Кімдердің қарызы тексерусіз кешіріледі?
Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, егер несие бойынша берешек 5 жыл және одан да көп уақыт өтелмей тұрса, жоғарыдағы екі талап күшін жояды.
«Егер берешек 5 жылдан асса, бұл екі шарт қолданылмайды. Азамат еш кедергісіз өтініш беріп, табысы мен мүлкі тексерілмей-ақ қарызын есептен шығара алады», – деді ол.
Сонымен қатар «проактивті банкроттық» тетігі енгізілмек. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар қарызын өтей алмай жүрген азаматтарды өздері анықтайды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай азаматтарға банкроттық рәсімін қолдану туралы ұсыныс SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.
«Оларға SMS жолданып, банкроттық рәсімін қолдану ұсынылады. Қазір бұл мүмкіндікті пайдалануға өтініш беретіндер көп емес», – деді Әбілқасымова.
Бұдан бөлек, 1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру талаптары күшейтіледі. Банктер қарыз алушының төлем қабілетін мұқият тексеріп, жаңа көрсеткіштерге сүйенеді:
Бұл көрсеткіштер азамат табысының қанша бөлігі қарыз өтеуге кетіп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Көрсеткіш жоғары болған сайын, жаңа несие алу ықтималдығы төмендейді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, яғни екі есеге жуық өсуі мүмкін. Үкімет бұл көрсеткішті аталған межеге дейін жеткізу басым міндет екенін ресми түрде растады.