×

Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа моделі енгізіледі

Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа моделі енгізіледі
Istock

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі педагогтарды аттестаттау жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа модель педагогтардың еңбегін әділ әрі ашық бағалауға, артық талаптар мен негізсіз қаржылық шығындарды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Басты жаңалық — мұғалімдердің басым бөлігі үшін міндетті тестілеудің жойылуы. Тест тек педагогикалық мамандық түлектеріне, кәсіпке қайта оралғандарға, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына, әдіскерлерге ғана сақталады. Жаңа жүйе мұғалімдер жұмысының нақты нәтижелеріне, оқушылардың жетістіктеріне және білім беру процесінің сапасына негізделетін болады.

Сонымен қатар, мұғалімдерден бұрын талап етілген авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік материалдарды ұсыну міндеті де алынып тасталады. Енді үзіліссіз еңбек өтілі кемінде екі жыл болатын педагогтар біліктілік санаттарына үміткер бола алады. Сондай-ақ, тестілеуді қайта ақылы тапсыру тоқтатылып, бұрын төленген қаражат қайтарылады.

Жаңа жүйеге көшу үшін өтпелі кезең қарастырылған. Шекті балл жинай алмаған педагогтардың қазіргі санаттары мен үстемеақылары сақталады, ал олардың аттестаттауы 2026-2027 оқу жылына ауыстырылып, жаңа ережелер бойынша Педагогтардың кәсіби білімін бағалаусыз (ПКБ) өтеді. Аттестаттаудың жаңа моделін толық енгізу 2027 жылға жоспарланған, қазіргі уақытта тиісті ережелерді әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →