Олар білім беретін мектепте қаралы күн жарияланып, мұғалімдермен қоштасу рәсімі өткен
Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағында болған жан түршігерлік апатта үш адам қаза тапты. Олардың барлығы ауыл мектептерінің педагогтары болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qostanay Media-ға сілтеме жасап.
35 жастағы Карина Лаврик Заречный ауылының мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 48 жастағы Луиза Ташаева Чураков жалпы білім беретін мектебінде педагог-психолог болып жұмыс істеген екен. Екеуі де бұрын Октябрьский жалпы білім беретін мектебінде жұмыс істеген.
"Жаны да өздері де сұлу әйелдер өмірден кетті. Олар өте мейірімді, керемет, сауатты мұғалімдер болатын.Әріптестері мен оқушылары арасында үлкен беделге ие болды. Олар жұмыс пен істің шеберлері, жанып тұрған бастамашыл, ұмтылысы мен құлшынысы мол жандар еді. Октябрьское ауылының білім беру мекемесі атынан отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз”, – делінген мектеп ұжымының көңіл айту хабарламасында.
Қаза тапқандардың арасында 22 жастағы Алина Абрамова – Қостанай педагогикалық колледжін бітіргеннен кейін ол ЖОО-ға сырттай түсіп, "Әйгерім Ай"гуманитарлық бейімділікпен жеке мектепте жұмыс істеген.
"Бүгін біздің ұжым терең қайғыға батты. Арамыздағы керемет адам, тамаша ұстазымыздан айырылып отырмыз. Алина бізде үш жыл ғана жұмыс істесе де, мұғалім ретінде көп жұмыс атқарып кетті. Оны ұжымда құрметтеді, балалар мен ата-аналар жақсы көрді. Ол бейнелеу өнері мұғалімі ретінде балалармен де, ата-аналармен де жұмыс істей алатын. Ол талантты балаларды анықтап, ата-аналарға өз оқушыларын жетістікке жеткізе алатынына сендіре алатын", – дейді білім беру мекемесінің басшысы Құралай Шодорова
Ол білім беретін мектепте қаралы күн жарияланып, мұғаліммен қоштасу рәсімі өткен.
Зардап шеккендердің арасында 11 жасар бала мен оның анасы да бар. Баланың аяқтары жоғарғы және төменгі жағынан сынып, жарақаттанған. Баланың анасының да жарақаты ауыр.
Еске сала кетейік, біз осыған дейін жол - көлік оқиғасы 16 желтоқсан күні түстен кейін Қарасу ауданы Герцено кентінен 10 шақырым жерде Қостанай - Әулиекөл-Сурған тас жолында Volvo және Toyota Alphard маркалы автокөліктер соқтығысқанын жазған болатынбыз.
Апат салдарынан алған жарақаттарынан үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылған. Оларға білікті көмек көрсету үшін облыстық мамандандырылған медициналық мекемелерге жіберілген.
Полиция болған оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша "екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу"бойынша тергеу ісін бастады.