×

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Сурет: Бейнеден кадр

Қостанай облысында оқыс оқиға орын алып, жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған.

«Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады»,  – делінген  Қостанай облысы Полиция департаменті хабарламасында.

Жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған. Қазір оқиға қатысушылары мен куәгерлерінен жауап алынуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →