×

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан екі адам қаза тапты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан екі адам қаза тапты
әлеуметтік желіден

Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында болған жарылыс пен оның артынан тұтанған өрт салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы компанияның ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға түтін сорғышты (дымосос) тазалау жұмыстары кезінде орын алған.

«Оқиға салдарынан екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметтері жұмыс істеуде», – делінген компания хабарламасында.

Төтенше жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстарын жүргізеді. Зауыт басшылығы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдауды толықтай көрсетуге уәде берді.

Еске сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі «Қазмырыш» зауытының аумағында шаң жинайтын қондырғы жарылған болатын. Ғимарат конструкциясының бір бөлігі құлап, арты өртке ұласты. Бұған дейін ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы тоғыз адамның зардап шеккенін хабарлаған еді. Сағат 10:42-де өрт толықтай сөндірілді, қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ғимараттың бір бөлігі қирап, ТЖМ жедел штаб құрды
Қаза тапқандар бірінің туыстары жасөспірімді жарақатымен ауруханаға емес, полиция басқармасына апарғанын айтты.
Туыстары медициналық персоналды кәсіби міндетіне немқұрайлы қарады деп айыптап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →