×

Ұлытау жастары экологиялық мәдениетке қалай үлес қосуда: Өңірде «Өзіңнен баста» акциясы басталды

Ұлытау жастары экологиялық мәдениетке қалай үлес қосуда: Өңірде «Өзіңнен баста» акциясы басталды

Бүгін Ұлытау облысында экологиялық тазалық мәдениетін қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында колледждерде «Қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ парыз» тақырыбында экосағат ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға студенттер белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында құнды әрі пайдалы ақпараттар алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экосағат барысында қатысушылар экологиялық мәселелерді талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, түрлі зияткерлік тапсырмалар мен пікірталастарға қатысты. Бұл олардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, «Қоқысты азайту, сұрыптау және қайта өңдеу» тақырыбында волонтерлармен кездесу іс-шарасы өтті. Кездесу барысында студенттерге тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқарудың маңызы түсіндіріліп, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру жолдары көрсетілді. Волонтерлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық қозғалыстарға қатысудың артықшылықтарын атап өтті. Олар күнделікті өмірде қарапайым экологиялық әдеттерді енгізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға үлкен үлес қосуға болатынын жеткізді.

Іс-шара аясында жастарға табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны ластамау, пластик қалдықтарды азайту және қайта өңдеудің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар экологиялық бастамаларды қолдап, өз өңірінің тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жастар, эко-белсенділер және блогерлердің қатысуымен «Өзіңнен баста» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, #ТазаҚазақстан хэштегімен материалдар жарияланды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Себебі табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті.

Тазалық – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Барлығымыз бірлесе әрекет еткенде ғана экологиялық қауіпсіз, таза әрі тұрақты болашақты бірге қалыптастыра аламыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды
Бүгін, 15:18

Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

Оның басты миссиясы – АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосу
Жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар
Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →