×

Көкше аспанындағы бірлік үні: жағалаудағы айтулы OPEN AIR

Шара барысында көрермендер арасында түрлі ұтыс ойындары мен интерактивті конкурстар ұйымдастырылды

Көкше аспанындағы бірлік үні: жағалаудағы айтулы OPEN AIR
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көкшетау қаласының Жаңа жағалауында Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан студенттер альянсының 21 жылдығына орай ұйымдастырылған «OPEN AIR» мерекелік бағдарламасы дүркіреп өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен өткен бұл кеш жастардың энергиясы мен достық рухын паш етті. Кеш шымылдығы «Adagio» би студиясының орындауындағы мың бұралған «Қазақ ұлттық биімен» ашылып, жиналған қауымды бірден мерекелік көңіл-күйге бөледі. Бағдарлама барысында ҚСА-ның 21 жылдық белесіне арналған арнайы презентация көрсетіліп, Нурадил Казиев пен Дильназ Балтабайдың орындауындағы «ASK» әні студенттік шақтың жалынын сездіргендей болды.

Концерттік бағдарлама аясында жас өнерпаздар Әдемі Жасұлан, Ақжайық Қоныс, Дидар Хамзин және Дильназ Саутова сынды аймақ жұлдыздары сахнаны әнмен тербетті. Әсіресе, «Горянка» ансамблінің грузин биі «Лезгинка» кештің көркін ашып, көпұлтты еліміздің мәдениеттер тоғысын айшықтады.

Дастан Ермеков, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» МКМ басшысы:

«Бүгінгі шараның басты мақсаты – облыс жастарының басын қосып, бірлік пен ынтымақты нығайту. Студенттер альянсының 21 жылдығы мерекемен тұспа-тұс келуінің символикалық мәні бар. Біз бұл форматты тек бүгінмен шектеп қалмаймыз. Ашық аспан астындағы мұндай кештер жаз бойы дәстүрлі түрде жалғасын тауып, жастардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне жағдай жасайтын болады».

Шара барысында тек концерт қана емес, көрермендер арасында түрлі ұтыс ойындары мен интерактивті конкурстар ұйымдастырылды. Спонсорлар тарапынан берілген сыйлықтар мен «Солтүстік» футболкаларының ұтысы жастардың белсенділігін арттыра түсті. Мерекеге отбасымен келген қала тұрғындары да өз ризашылықтарын білдіруде.

Гүлнұр Оспанова, қала тұрғыны:

«Мереке құтты болсын! Бүгінгі кеш өте көңілді өтіп жатыр, ұйымдастырушыларға рақмет. Жастардың өнерін тамашалап, бір серпіліп қалдық. Еліміз тыныш, бірлігіміз жасай берсін!»

Кеш соңы жастардың сүйікті әндері шырқалған жалынды дискотекаға ұласты. Көкшетау аспанын тербеген әуен мен жастардың шат күлкісі бұл күннің маңызын айқындай түскендей.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атыраулықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлады
Бүгін, 18:26

Атыраулықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлады

Облыста 50-ден астам ұлт өкілі тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді
Негізгі мерекелік іс-шаралар Орталық саябақта өтуде
Алаңда этномәдени бірлестіктердің көрме шатырлары тігілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →