Әңгіме 1,5 сағатқа созылған
Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп телефон арқылы ауқымды келіссөз жүргізді. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, екі ел басшысының әңгімесі бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сөйлесу барысында талқыланған басты мәселелер:
• Украинадағы жағдай және бітім: Трамп соғысты тезірек тоқтатудың маңыздылығына тоқталып, бейбіт келісімнің жақын екеніне сенетінін жеткізді. Путин Пасха мерекесіндегі үзілістен кейін, Жеңіс күні қарсаңында да атысты тоқтату режимін жариялауға дайын екенін айтты.
• Иран дағдарысы: Лидерлер Парсы шығанағындағы шиеленісті талқылады. Путин АҚШ пен Израиль тарапынан Иранға қарсы күш қолдану халықаралық қоғамдастық үшін өте ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.
• Қолдау білдіру: Владимир Путин Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты қолдау білдіріп, шабуылды қатаң айыптады.
Ақ үй басшысының сенімді өкілдері таяу арада Мәскеу және Киевпен байланысты жалғастырмақ. Дональд Трамп әзірге бұл келіссөз туралы ресми пікір білдірген жоқ.