×

«Qostanai Tech» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтуде

Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатыст

«Qostanai Tech» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтуде
Қостанай облысы әкімдігі

Қостанай қаласындағы «Жастар сарайында» «Qostanai Tech» отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне жергілікті тұрғындар мен елдің барлық өңірінен қонақтар қатысуда. Аталған фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі. Фестиваль бағдарламасын Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бүгінде Қостанай облысы – еліміздің тұрақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша облыс республикада төртінші орын алады. Қостанай облысын сенімді түрде машина жасау орталығы деуге болады, өйткені еліміздегі машина жасау өнімінің шамамен 25%-ы осы өңірде өндіріледі. Сонымен қатар, өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, оларды экспорттау және азық-түлік өндірісі бойынша да жетекші орындардың бірін иеленеді. 

- Қазіргі таңда цифрландыру, жасанды интеллекттің дамуы және робототехника адам қызметінің барлық салаларына еніп келеді. Облыс экономикасының жетекші секторы – өндіріс саласы, оның үлесі 70%-дан асады. Бұл сала машина жасауды белсенді түрде дамытуда, жергілікті зауыттар автокомпоненттерден бастап ауыл шаруашылығы техникасына дейін барлығын шығарады. Зауыттар максималды автоматтандыру, робототехника және өндірістік процестерді цифрлық басқаруды қамтамасыз ететін заманауи, жоғары технологиялық, әлемдік деңгейдегі жабдықтармен жабдықталған. Салада 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді, онда шамамен 7000 адам жұмыс істейді, олардың 50%-дан астамы жас мамандар. Облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда барлығы 145 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді,  дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

Сонымен қатар іс-шара өңірдегі технологиялық дамуды насихаттауға және инновацияға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Фестиваль аясында түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің заманауи жобаларын ұсынып, жаңа технологияларды таныстырды. Солардың қатарында еліміздегі ірі автокөлік өндірушілердің бірі – Allur кәсіпорны да белсенді қатысып, көпшілік назарына арнайы көрме стендін ұсынды. Кәсіпорын атынан сөз сөйлеген қызметкер Сұлтан Бекмағамбет өндірістегі кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері туралы айтып өтті.  

- Стендте Chevrolet Onix автокөлігінің қозғалтқышы қойылған. Қызметкерлер оны өз көздерімен көріп, құрылымын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, арнайы бұрандалы стендтер де ұсынылған. Олар горизонтальды және әртүрлі бұрыштық қалыпта орналасып, мамандарға нақты өндірістік жағдайларға бейімделе отырып тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды. Электроника бағыты бойынша оқыту жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Мұнда автокөліктегі түрлі датчиктер мен басқару жүйелерінің жұмыс істеу принциптері көрсетіліп, жан-жақты түсіндірілді. Осындай кешенді дайындықтан өткен мамандар кейін нақты өндірістік процестерге тартылып, өз білімдерін тәжірибеде қолдана алады», – дейді Сұлтан Бекмағамбет. 

TED-форматында сөз сөйлейтін фестивальдің хэдлайнерлері қатарында ірі өндірістің, ІТ-компаниялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері бар. Олардың арасында «KIA QAZAQSTAN» бас директоры Ким Де Ки, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, «Allur компаниялар тобы» АҚ өкілдері, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметовтің айтуынша, өңірлерді экономиканы жасанды интеллект арқылы дамыту жолдары маңызды.  

- Қостанайда индустрия жақсы дамыған. Осыған байланысты стартаптарды қолдау және венчурлік студия сияқты жаңа механизмдерді дамыту маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, стартаптардың 90–95 пайызы сәтсіздікке ұшырайды. Мұның басты себебі – тәуекел деңгейінің жоғары болуы. Ал венчурлік студия моделі бұл тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді: бірнеше инноватор бір ортаға бірігіп, тек бір жоба емес, бірнеше стартапты қатар дамыта алады. Нәтижесінде 2–3 жылдың ішінде әртүрлі жобалармен жүйелі түрде жұмыс істеуге жағдай туады. Менің ойымша, осындай өңірлерде инноваторлардың басын біріктіріп, венчурлік студиялар құру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Әлемде болып жатқан үрдістер – жасанды интеллектінің жаппай енгізілуі – ешбір саланы айналып өтпейді деп есептеймін. Бұл Қазақстанға да, оның өңірлеріне де тікелей қатысты. Менің ойымша, дәл осы саладағы даму мен оны енгізу тетіктері әр өңірде өзіндік, бірегей тәсілді талап етеді, - дейді Ғабит Бекахметов. 

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Интернет сапасын жақсарту үшін ауылдық жерлерде антенна тіректерінің құрылысына басқаларға қарағанда көбірек инвестиция салып жатыр. Нәтижесінде, ауылдық жерлерді жоғары сапалы 4G интернетімен қамту 2022 жылы 60%-дан өткен жылдың соңына дейін 76%-ға дейін өсті. 14 мыңға жуық ауыл тұрғыны 4G мобильді интернетке қол жеткізді. Білім берудегі цифрлық алшақтық айтарлықтай азайды: 2022 жылы тек 88 мектептің (19,4%) интернет жылдамдығы 20 Мбит/с-тан асса, 2025 жылға қарай барлық 440 мектептің (100%) жоғары жылдамдықты интернеті болады. Қазірдің өзінде жаңа салалардағы жұмысшылардың 55-70%-ы 35 жасқа дейінгі жастарды құраған. 

– Біздің шәкірттеріміз өздері жасаған бағдарламалар арқылы әлемдік чемпионаттарға да қатысып жүр. Мектебімізде оларды ең алғашқы қадамдардан бастап оқытамыз, барлығын қарапайым деңгейден түсіндіреміз. Қазір балалар LEGO құрастырады, оны небәрі 15 минутта жинап шығады. Сонымен қатар Arduino негізінде жасалған роботтарды да дайындаймыз. Өз мектебіміздің атынан түрлі жарыстар ұйымдастырып, оқушыларымызды соған белсенді қатыстырамыз, – дейді «ROBOTEK,SPORT» тәлімгері Нұржас Әбдікенов. 

Ал физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев, әлемдік деңгейдегі өзгерістердің еліміз үшін пайдас үшан-теңіз деген пікіде. 

– Өте маңызды іс-шара. Соңғы уақытта әлемде болып жатқан оқиғалар Қазақстанға да өз әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, жасанды интеллект саласы. Бұл жөнінде көптеген ақпараттар айтылуда. Өндірістік технологиялар да соның қатарында. Бұл туралы мен бұрынырақтан айтып жүрмін. Осының Қостанай жерінде жанданып жатқанына өте қуаныштымын. Қостанай – талай қазақтың жақсысы мен жайсаңының ізі қалған өңір, – дейді Асқар Жұмаділдаев. 

Сандық шешімдерді енгізіп, олардың кеңінен енгізілуін қамтамасыз ететін елдер көшбасшылар қатарына шығуда. Қостанай жаңа технологияларды белсенді түрде енгізіп жатқан аймақтардың бірі. Сонымен қатар іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →