×

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айып тағылды

Ол бірнеше сағат тергеу сұрақтарына жауап берген

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айып тағылды
akipress.org

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке, экс-депутат Құрманқұл Зулушевке және Жогорку Кенештің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Шакиевке (Тұрғұнбек ұлы) мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, фигуранттарға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру және билікті күшпен басып алуға әрекеттену сияқты ауыр қылмыс баптары бойынша айыптар оқылған. Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында өткен жауап алу процесі бірнеше сағатқа созылды. Ресми органдар тергеудің егжей-тегжейін жарияламағанымен, бұл істің ақпан айында жарияланған «75-тің хатымен» байланысты екені айтылуда.

Еске сала кетейік, ақпан айында 75 адамнан тұратын топ Президент Садыр Жапаровқа мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы үндеу жолдаған болатын. Осы оқиғадан кейін Қамшыбек Ташиев қызметінен босатылып, ҰҚМК реорганизацияланды. Нұрланбек Шакиев пен Құрманқұл Зулушев депутаттық мандаттарынан бас тартты. Президент Садыр Жапаров бұған дейін Ташиевтің хат авторларымен кездескенін жоққа шығарғанын, алайда оның енді мемлекеттік қызметке тағайындалмайтынын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта үндеуге қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Қырғызстанның Конституциялық соты президенттік сайлаудың тек белгіленген мерзімде, яғни 2027 жылдың қаңтарында өтетінін түсіндірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →