×

Астанада көліктерді ақылы эвакуациялау басталды: Көлігіңізді айып тұрағына әкетсе, қанша төлейсіз?

Астанада көліктерді ақылы эвакуациялау басталды: Көлігіңізді айып тұрағына әкетсе, қанша төлейсіз?
РИА Новости / Сергей Пятаков

Астанада көлік қою және тоқтау ережелерін бұзған автокөліктерді ақылы негізде эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Көліктер негізінен адамдар көп жиналатын жерлерден, тыйым салынған аймақтардан және жол қозғалысына кедергі келтіретін учаскелерден әкетіледі. Мамандардың сөзінше, заңсыз тұрақтар көшелердің өткізу қабілетін 50%-ға дейін төмендетіп, кептелістерге себеп болады.

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының директоры Марат Сәдуовтың айтуынша, бұдан былай процесс толықтай цифрландырылған. Автоматты кешендер бұзушылықты тіркеп, мәліметтерді полицияға жолдайды, ал көлік иесіне eGov Mobile арқылы хабарлама келеді. Егер жүргізуші эвакуатор келгенге дейін жетіп, қателігін түзетсе, көлік әкетілмейді, тек әкімшілік айыппұлмен шектеледі.

Эвакуациялау құны 3 АЕК – 12 975 теңгені құрайды. Сонымен қатар айып тұрағында сақтау ақысы бөлек төленеді: жеңіл көліктер үшін бірінші тәулікке 3 АЕК, ал келесі күндерге 5 АЕК-тен есептеледі. Көлігін таппаған жүргізушілер 102 немесе 112 нөміріне хабарласып, нысанның қайда екенін біле алады.

Айта кетейік, жаңа тарифтер ресми түрде күшіне енгенімен, 15 мамырға дейін жүргізушілерге тек ескертулер жіберіледі. Бұл шара тұрғындардың жаңа жүйеге бейімделуі үшін жасалып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →