×

Прокурор Жанабыловтарға жазаны жеңілдетуді сұрады

Прокурор Жанабыловтарға жазаны жеңілдетуді сұрады

Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша прокурор жаңа жаза мерзімін сұрады. Айыптау тарабы сотта процессуалдық келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокурордың айтуынша, айыпталушылар өз курстарын сатудан түскен қаражатты толық қайтарған. Осыны ескере отырып, Ерболат Жанабыловқа 2 жыл шартты жаза, ал Эльмира Төлегеноваға балалардың болуына байланысты 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын 2 жылға кейінге қалдыру ұсынылды.

Бұған дейін прокурор екеуіне де 4 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Қазір жазаны жеңілдетуге олардың кінәні мойындауы, шынайы өкінуі және 247 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеуі негіз болған.

Сондай-ақ прокурор пробациялық бақылау енгізуді және бірқатар шектеу қоюды ұсынды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың кәмелетке толмаған үш баласы бар.

Прокурор сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін Lamborghini Urus және Lexus LX-600 көліктерін қамаудан алып, иелеріне қайтаруды да ұсынды.

Іс бойынша соңғы шешімді сот бүгін сағат 16:30-да жариялайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →