×

ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқан қылмыстық топты құрықтады

Деректерді сатып алғандардың қатарында микроқаржы ұйымдары бар

ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз сатқан қылмыстық топты құрықтады
depositphotos

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен қазақстандықтардың жеке деректерін заңсыз жинаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы операция наурыз айында Астана және Алматы қалаларында жүргізілген.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде саудалаған. Олардың негізгі сатып алушылары кейбір микроқаржы ұйымдары (МФО) мен коллекторлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Бұл ақпараттар азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық қағидаларын өрескел бұзған.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы – жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (147-бап), ақпаратты заңсыз иелену (208-бап) және зиянды бағдарламаларды тарату (210-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тінту барысында компьютерлік техника, электронды тасымалдағыштар мен қомақты көлемдегі ақша айғақ ретінде тәркіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
30 млн теңгесінен айырылғандар бар: Шымкентте заңсыз онлайн-казино әшкере болды
Бүгін, 09:40

30 млн теңгесінен айырылғандар бар: Шымкентте заңсыз онлайн-казино әшкере болды

Ойын алаңының шоттарындағы жалпы айналым 557 миллион теңгеден асқан
Арай Есенбек өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады
Адвокат алаяқтық жасап, ірі көлемдегі қаржыны заңсыз иемденбек болғаны үшін сотталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →