×

«Жеті атаға толмай үйленуге болады»: Медресе ұстазының сөзі қоғамда дау тудырды

ҚМДБ бұл пікірге қатысты мәлімдеме жасады

«Жеті атаға толмай үйленуге болады»: Медресе ұстазының сөзі қоғамда дау тудырды
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде «жеті атаға толмай үйлену шариғатқа қайшы емес» деген пікір білдірген медресе ұстазы Данияр Кенжеұлының мәлімдемесі қоғамда үлкен дау тудырды. Оның бұл пікіріне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми ұстанымын білдіріп, бұл азаматтың сөздері мүфтияттың көзқарасын білдірмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сейітбековтің айтуынша, бұл ұстаз бұған дейін де осындай даулы мәлімдемелері үшін Ақтөбе медресе колледжіндегі қызметінен босатылған. Мүфтият өкілдері шариғат бойынша жақын туыстар арасындағы некеге қатаң тыйым салынбағанымен, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан «жеті ата» дәстүрін сақтау абзал екенін алға тартты.

Генетик мамандар да туыстық некенің қауіпті екенін ескертуде. Дәрігер Алтынай Қожанованың айтуынша, жақын туыстардың шаңырақ көтеруінен туа бітті ауру балалардың дүниеге келу ықтималы өте жоғары. Әсіресе, мұндай некеден туған сәбилерде есту қабілетінің болмауы және өзге де емделмейтін генетикалық мутациялар жиі кездеседі.

Даулы пікірдің иесі Данияр Кенжеұлы кейінірек желідегі парақшасында жазба жариялап, бұл жағдайды «қоғамда алауыздық тудыру үшін әдейі жасалған арандату» деп атады. Ол өз сөзінде ақиқатында жеті атаға толмай қыз алысуды құптамайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың жары Астанадағы сән көрсетіліміне келді
Кеше, 10:02

Назарбаевтың жары Астанадағы сән көрсетіліміне келді

Сән апталығында жүрген Әсел Исабаева елдің назарын аударды
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» аясында 12 мың ағаш отырғызылды
«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі: Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →