×

Абай облысындағы Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты

Тағы бірі жарақат алды

Абай облысындағы Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Istock

Абай облысындағы «KAZ Minerals» тобына қарасты «Востокцветмет» кәсіпорнының Орлов шахтасында тау массасы құлап, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төтенше жағдай кезінде үйінді астында екі адам қалып қойған.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде екінші жұмысшы аман табылып, дереу ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін бірден арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті. Сондай-ақ «KAZ Minerals» директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жеке өзі барды.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ зардап шеккен жұмысшыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →