×

Парламент Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңды қарауға кірісті

Парламент Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңды қарауға кірісті
Мәжіліс

Мәжілістің сәрсенбі күнгі жалпы отырысында «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», сондай-ақ елорда мәртебесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты жаңа конституциялық заң жобалары жұмысқа алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заң жобаларын сараптау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды. Мәжіліс тарапынан оның құрамына депутаттар Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Бәшімов және Сергей Пономарев енді. Комиссия мүшелері ұсынылған құқықтық нормаларды талқылап, оларды жетілдірумен айналысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін алдағы парламенттік сайлауға дейін барлық қажетті заңнамалық базаны дайындап үлгеру керектігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның құқықтық және саяси саласын толықтай трансформациялау процесі биыл және келесі жылы да жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →