×

Тоқшылықтың тойы Ақтөбеде: қалада ауқымды тары гастрофестиваль өтеді

Тоқшылықтың тойы Ақтөбеде: қалада ауқымды тары гастрофестиваль өтеді

24 мамыр күні Ақтөбе қаласы дәм мен дәстүрге толы мереке ортасына айналады. Қаладағы «Астана» саябағында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ауқымды гастрофестиваль өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Келуші қонақтарды таңғы 11:00-ден бастап ұлттық рух пен хош иіске толы атмосфера күтпек. Күн бойы жалғасатын мереке кешкі 17:00-ге дейін Ақтөбенің аграрлық дәстүрі мен заманауи гастрономиялық мүмкіндігін тоғыстырады. Сонымен қатар, «Әнім сенсің – Ақтөбе» этнофестивалі де мерекенің көркін аша түседі.

Фестиваль алаңында тарыдан әзірленген 50-ден астам тағам түрі ұсынылады. Дәстүрлі ұлттық ас мәзірі жәрмеңкесі, шоколадты жент дайындау шеберлік сағаттары, ыстық бауырсақ пен самаурын шайының хош иісі – бәрі де келген қонаққа ерекше әсер сыйлайды.

Ойыл ауданының шеберлері тарыны өңдеудің көне тәсілдерін көзбен көріп, қолмен сезінуге мүмкіндік береді. Ал қолөнер шеберлерінің бұйымдары – тері, киіз, ағаш, жүн және зергерлік өнердің заманауи үйлесімін көрсететін нағыз мәдени көрме болмақ.

Сондай-ақ, фестиваль аясында «Ақтөбе – тарының астанасы» атты ашық дөңгелек үстел өтеді. Мұнда сала мамандары мен сарапшылар тары өсіру дәстүрін жаңғырту, оның тағамдық құндылығын кеңінен насихаттау және өңірдің аграрлық-гастрономиялық әлеуетін дамыту бағыттарын талқылайды.

Кіру тегін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді қазақстандықтарға үйді босату керек екені 10 күн бұрын ескертіледі
Бүгін, 13:06

Енді қазақстандықтарға үйді босату керек екені 10 күн бұрын ескертіледі

Бұл басқа баспана іздеуге немесе көшуге дайындалуға мүмкіндік береді
Сән апталығында жүрген Әсел Исабаева елдің назарын аударды
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» аясында 12 мың ағаш отырғызылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →