×

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Өткен жылы қалаға 754 мың шетелдік турист келген

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды қарсы алу ерекше форматта ұйымдастырылды. Қалаға табан тіреген сәттен-ақ туристерге ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар ұсынылып, қазақы қонақжайлылықтың айрықша үлгісі көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл игі бастама Алматы қаласының Туризм басқармасы, халықаралық әуежай, Шекара қызметі мен кеден органдарының бірлесуімен жүзеге асты. «Халықаралық қонақтарға арналған қарсы алу сыйлығы» атты жоба әрбір мейманға деген шынайы құрмет пен ілтипаттың белгісіне айналды.

Осы күні Алматымен танысу дәстүрлі туристік бағыттардан бұрын әсерден бастау алды. Жылы жүзбен қарсы алу, ақ пейіл мен мерекелік көңіл күй Бірлік күнінің негізгі мазмұнын — татулық, бейбітшілік және мәдени әртүрлілікті айқын сездірді.

Соңғы жылдары Алматыға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға 754 мың шетелдік турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 800 мыңнан аспақ. Бұл Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар қала туралы алғашқы оң әсер қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып отыр. Алматы өзін ашық, заманауи әрі қонақжай шаһар ретінде танытып келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағанды облысында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтуде
Бүгін, 15:07

Қарағанды облысында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтуде

Негізгі мерекелік іс-шаралар Орталық саябақта өтуде
Алаңда этномәдени бірлестіктердің көрме шатырлары тігілді
Жағалау бойындағы мерекелік кеңістік нағыз мәдениет пен өнер орталығына айналды
Бірлік күні халқымыздың ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы кеңінен дәріптеледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →