×

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті есі дұрыс деп танылды

Іс аяқталуға жақын

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті есі дұрыс деп танылды
Qaz365.kz коллажы

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікті сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы Сенат кулуарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары аяқталу сатысында.

«Сарптама нәтижелері алынды. Ол заң алдында есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді. Біз тиісті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті Санжар Әділов.

Айта кетейік, бұған дейін, 1 сәуірде күдіктінің мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілгені хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары кісі өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг (артынан аңду) фактілері бойынша жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиға 13 қаңтарда орын алып, сол күні күдікті Шымкентте ұсталған болатын. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

Сонымен қатар 22 қаңтарда ІІМ Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты салғырттық танытқан Шымкент полицейлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бойжеткеннің өліміне дейін түсірілген видео пайда болған еді. Онда Нұрай күдіктіге ешқандай кінә артпайтынын айтқан. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл видеоны желіге жүктеген полицейлердің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →