×

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Тергеу алдағы екі аптада аяқталады

Жол апатынан үш адам қаза тапқан еді

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Тергеу алдағы екі аптада аяқталады
әлеуметтік желіден

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында орын алған атышулы өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары алдағы екі апта ішінде аяқталады. Бұл туралы Сенат кулуарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта тергеушілер барлық дерлік сараптамалардың қорытындысын алған.

«Біз алдағы екі аптада тергеудің аяқталғанын жариялауды жоспарлап отырмыз. Қажетті тергеу әрекеттері бітуге жақын, нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», – деді Санжар Әділов.

Үш адамның өмірін қиған қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған еді. Бейресми мәліметтерге сәйкес, «Zeekr» маркалы автокөлігі басқа көлікпен жарысқан. Апат кезінде «Zeekr» жүргізушісі жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталып, 7 сәуірде ол тергеу изоляторына кезең-кезеңмен ауыстырылды.

Осы оқиғаға байланысты полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →