×

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде 5 жылға сотталған Арай Есенбектің парадан бас тартқан видеосы тарады 

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде Шымкент қаласының журналисі Арай Есенбекке қатысты бейнежазба тарады. Бұл кадрларда бірнеше адамның оны әдейі арандатып, жасырын камера арқылы түсіргені байқалады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеода Жанна Байсейітова мен Мейірбек Төлебаев есімді адамдардың журналистке қара дорбаға салынған қомақты ақшаны ұсынғаны көрінеді. Алайда Арай Есенбек ұсынылған ақшадан бірден бас тартады.

«Мен ер адам емеспін, бірақ саған үнемі не істеп жатқанымды айтып отырамын. Мейірбек бір-біріңнің қолдарыңды алыңдар», – деп Байсейітова ақшаны Төлебаевқа береді.

Осы сәтте журналист өз ұстанымын нақты жеткізеді: «Сөмкеңе салып қой. Мен ала алмаймын».

Әңгіме барысында Мейірбек сыртқа шығып, екі ер адамға:

«Арнайы екі камера қойып едім. Алмай қойды»,– деп айтқаны да түсіп қалған.

Еске салайық, 24 сәуірде Арай Есенбекке қатысты сот үкімі шыққан еді. Сот шешімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Арай Есенбек алғашында «Хабар» агенттігінде қызмет етіп, кейін «Оңтүстік» телеарнасында (бұрынғы «Қазақстан-Шымкент»), «31» арнада және «Азаттық рухы» басылымында тілші болып жұмыс істеген. 2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған. Сондай-ақ, Шымкент қалалық Ақпараттық коммуникациялар орталығын басқарған. Соңғы қызметтерінің бірі – былтыр сәуірге дейін «Amanat» партиясының Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалында атқарушы хатшы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →