×

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайран ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайран ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Түркістан өңірінде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында орналасқан Орталық саябақ жаңартылып, заманауи ойын-сауық алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Жаңартылған саябақ аумағында заманауи инфрақұрылым қамтылған. Атап айтқанда, орталық бөлігінде әсем субұрқақ орнатылып, оның айналасы көгалдандырылып, жасыл желекпен көмкерілген. Жаңа демалыс аймағында 20-ға жуық аттракцион орнатылып, балалар мен ересектерге арналған қауіпсіз әрі жайлы ойын-сауық мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар келушілер үшін ыңғайлы фуд-корт аймақтары мен демалыс орындары жасақталған. Жоба инвесторлар есебінен жүзеге асырылып, оған шамамен 675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған. 

Мерекелік шара барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жергілікті этнос өкілдері ұйымдастырған көрмені аралап, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні елдегі татулық пен келісімнің символы екенін атап өткен облыс басшысы Президент тапсырмалары аясында өңірде этносаралық келісімді нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бүгінде Сайрам ауданында 243 мыңнан астам халық өмір сүріп, олардың қатарында 39 этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – еліміздегі қоғамдық келісім мен бірліктің нақты көрінісі.

Жаңа ойын-сауық паркі – Сайрам ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қоспақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Кеше, 17:42

Түркістанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды
Енді мемқызметшілердің жалақысы үш жылда бір өсіп отырады
Өңірде 5900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 300 камера бейнеаналитика жүйесімен жабдықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →