×

ОПЕК+ елдері БАӘ-нің ұйымнан шығуына қарамастан мұнай өндірісін арттыруға келісті

Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге арттырады

ОПЕК+ елдері БАӘ-нің ұйымнан шығуына қарамастан мұнай өндірісін арттыруға келісті
shutterstock

ОПЕК+ құрамына кіретін жеті мемлекет маусым айында мұнай өндіру көрсеткішін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді. Бұл туралы ұйым жексенбі, 3 мамыр күні өзінің ресми сайтында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәлімдемеде Біріккен Араб Әмірліктерінің энергетикалық дағдарыс жағдайында ұйым құрамынан шығу туралы шешіміне қатысты ешқандай түсініктеме берілмеген.

Осылайша, ОПЕК+ осымен үшінші ай қатарынан мұнай өндірісін ұлғайтып отыр. Reuters агенттігінің дереккөздеріне сүйенсек, маусымдағы өсім мамыр айындағы көрсеткішпен (тәулігіне 206 мың баррель) деңгейлес, алайда одан 1 мамырдан бастап альянстан шыққан БАӘ-нің үлесі алынып тасталған. Ұйым жариялаған кестеге сәйкес, Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге арттырады.

Мұнай өндірісін ұлғайту – АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы аяқталғаннан кейін топтың энергия ресурстарын жеткізуге дайын екенін көрсетуді көздейді. Дегенмен сарапшылар бұл шешімнің қазірше символдық мәні ғана бар екенін айтады, себебі соғысқа байланысты Ормуз бұғазы арқылы өтетін негізгі кеме қатынасы әлі де бұғатталып тұр.

Еске сала кетейік, сәуір айының соңында БАӘ 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын мәлімдеген болатын. Бұл шешім әлемдік мұнай нарығындағы күштер теңгеріміне әсер етпек. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, БАӘ-нің кетуіне байланысты альянстың әлемдік мұнай өндірісіндегі үлесі 50%-дан 45%-ға дейін қысқарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді
Бұл жоба нарықтық өтімділікті айтарлықтай арттырып, инвесторлар базасын кеңейтеді деп күтілуде
Аналитиктер бұл оқиға Қазақстан үшін мұнай өндіру көлемін арттыруға қосымша мүмкіндіктер туғызуы мүмкін екенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →