×

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің құлпытасы орнатылып, оның атындағы мәдени орталық ашылды

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің құлпытасы орнатылып, оның атындағы мәдени орталық ашылды
Facebook/ Saparbek Nagashibekov

Вашингтонда қазақтың ұлы жазушысы, тарихшы әрі зерттеуші Мұхтар Мағауиннің бейітіне құлпытас орнатылып, Америкадағы «Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының» ресми таныстырылымы өтті. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Сапарбек Нағашыбеков мәлімдеді. Шараға жергілікті қазақ диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиын барысында жазушының қазақ руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталды. Мұхтар Мағауин саналы ғұмырында 27 томдық еңбек жазып, қазақ халқының бес ғасырлық тарихын ғылыми және әдеби тұрғыда түгендеп кеткен тұлға ретінде сипатталды. Мұхтар Мағауиннің басты еңбектері қазақ тарихын еуропалық емес, ұлттық тарихи сана тұрғысынан қайта қарауға негізделген. Ол «қазақта мемлекеттілік пен идея болмаған» деген жалған түсініктерді жоққа шығарып, ұмыт қалған тарихи деректер мен тұлғаларды қайта тірілтті.

Айта кетейік, жазушы өмірінің соңғы жылдарын Америка Құрама Штаттарында өткізген болатын.

"Ол Вашингтондағы қазақтардың асқар тауы еді. Мағауин атамыз Наурыз мерекелері мен басқосуларға үнемі қатысып, батасын беріп, рухымызды көтеріп отыратын", — деп жазды Сапарбек Нағашыбеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті
Кеше, 18:50

Алматы облысында «Тазалық күндері» өтті

Оған 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды
Қайырымдылық мақсаттағы марафонымызға  3000 қатысушы тіркеліп, 250 млн теңге қаражат жиналды
Өңірде 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізуде
Облыста 50-ден астам ұлт өкілі тұрады және 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →