×

Тоқаев әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты

Жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар

Тоқаев әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайтты
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайту үшін Президент Іс басқармасының атқорасына арнайы барды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді.  Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады. 

Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

Сонымен қатар Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев арасында осында келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды
Кеше, 16:53

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →