×

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6 пайызға дейін бәсеңдеді

Бірақ баға әлі өсіп жатыр

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6 пайызға дейін бәсеңдеді
Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда сәуір айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады, деп хабарлайды Qaz365.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Наурыз айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,4 пайыздық тармаққа төмендеген. Дегенмен бір айдың ішінде (сәуірде наурызға қарағанда) жалпы баға деңгейі 0,8%-ға өсті.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,7%-ға жоғарылады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүзім (5,6%), сары май (1,2%) және картоп (0,8%) қымбаттаған. Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің құны 0,9%-ға артты. Атап айтқанда, қол сағаттары (4%), цемент (2,4%) және жеке гигиена тауарларының (1,5%) бағасы көтерілгені байқалады.

«Жылдық көрсеткіште азық-түлік емес тауарлар 11,7%-ға, азық-түлік өнімдері 11,3%-ға, ал ақылы қызметтер 8,9%-ға қымбаттады», – деп нақтылады статистика мамандары.

Бір жыл ішінде бағасы ең көп өскен тауарлар қатарында үтіктер (20,7%), тіс пастасы (14,6%) және заң қызметтері (10%) бар. Ал кейбір өнімдер керісінше арзандаған. Мысалы, жылдық есепте қырыққабат (24,4%), сарымсақ (7,8%) және банан (1,7%) бағасы төмендегені тіркелді. Сәуір айында клининг қызметтері мен косметолог мамандардың көмегіне жүгіну құны да шамалы (0,7-0,8%) өскен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ОПЕК+ елдері БАӘ-нің ұйымнан шығуына қарамастан мұнай өндірісін арттыруға келісті
Бүгін, 09:57

ОПЕК+ елдері БАӘ-нің ұйымнан шығуына қарамастан мұнай өндірісін арттыруға келісті

Қазақстан мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге арттырады
2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді
Бұл жоба нарықтық өтімділікті айтарлықтай арттырып, инвесторлар базасын кеңейтеді деп күтілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →