×

“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы қауесетке жауап берді

Қаза тапқандар бірінің туыстары жасөспірімді жарақатымен ауруханаға емес, полиция басқармасына апарғанын айтты.

“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы қауесетке жауап берді

Алматыда жаппай төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан екі жасөспірім көз жұмды. Қалалық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты, сондай-ақ жасөспірімдер бірінің өліміне байланысты әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жақындарының айтуынша, қаза тапқандар бірінің Ешім Қалдыбай қайғылы жағдайдан кейін жарақат алғанына қарамастан, алдымен ауруханаға емес, полиция басқармасына жеткізілген, "онда ол ұзақ уақыт бойы медициналық көмексіз қалған". Олардың сөзінше, кейін жасөспірім ауруханада көз жұмған.

"Аурухана орнына оны Алатау аудандық полиция басқармасына апарады. Онда бір сағаттан астам уақыт ұстайды. Жарақат алған 17 жастағы жігіт бір сағаттан астам уақыт медициналық көмексіз қалады. Жедел жәрдемсіз. Дәрігерлерсіз. Ата-анасына хабарламай. Пышақ жарақаты кезінде "бір сағаттан астам" уақыттың не екенін түсінесіздер ме? Бұл қателік емес. Бұл "үлгермей қалу" емес. Бұл – шешім. Осы уақытта 13 жастағы інісі оны қала ішінен өзі іздеп жүреді. Өзі полиция бөліміне барады. Дәл сол жерде қызметкерлер балаға ағасының қайтыс болғанын хабарлайды", - делінген жазба мәтінінде.

Алайда Алматы полициясының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған зардап шеккендердің бірін ауруханаға емес, полиция бөлімшесіне жеткізді деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары дереу жеткенін хабарлаймыз. Зардап шеккендердің екеуі де шұғыл түрде медициналық мекемеге жатқызылды. Дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, олар көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ ведомство өкілдері адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаныннақтылады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар полиция қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған мәлімет таратпауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →