×

Өскемендегі зауытта жойқын жарылыс болды

Ғимараттың бір бөлігі қирап, ТЖМ жедел штаб құрды

Өскемендегі зауытта жойқын жарылыс болды

Өскемендегі зауыттардың бірінде шаң жинайтын қондырғы жарылып, арты өртке ұласты. Оқиға салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай орнына министрліктің арнайы бөлімшелері дереу жетіп, қазіргі уақытта барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимараттың ашық жалынмен өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте зауыт аумағында шұғыл әрекет ету үшін жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.

Құтқарушылар үйінділер астында немесе зауыт ішінде зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта жарақат алғандар туралы ақпарат нақтылану үстінде.

Айта кетейік, Өскемен – еліміздегі ірі өндірістік орталықтардың бірі. Қалада бірнеше ірі металлургиялық және машина жасау зауыттары шоғырланған. ТЖМ мамандары өрттің таралуын тоқтату және оқиғаның себебін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қаза тапқандар бірінің туыстары жасөспірімді жарақатымен ауруханаға емес, полиция басқармасына апарғанын айтты.
Туыстары медициналық персоналды кәсіби міндетіне немқұрайлы қарады деп айыптап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →