×

Алматы әуежайы жаңа терминалды су басқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы әуежайы жаңа терминалды су басқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
видеодан кадр

Алматы халықаралық әуежайы 3 мамырда орын алған жаңа терминал шатырынан су кету оқиғасына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған оқиғадан кейін Көлік министрлігінің басшылығы әуежай әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен шұғыл кеңес өткізді. Нәтижесінде әуежай басшылығы техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылатынын хабарлады.

«Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қазіргі уақытта кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, жұмыстар жедел режимде жүргізілуде. Шатырдан су кету себептерін толық жою жұмыстарын 6 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр», — делінген әуежай хабарламасында.

3 мамыр күні Алматыда жауған нөсерден кейін жаңа терминалдың ішіне су жайылды. Су шатырдан ағып, тексеру және паспорттық бақылау аймақтарын басып қалған еді. Әуежай өкілдері салдарды жарты сағат ішінде жойып, рейстер кестесіне әсер етпегенін айтқанымен, бұл жағдай қоғамда үлкен талқылау тудырды.

Көлік министрлігі авиациялық инфрақұрылым нысандарының жұмысына және заң талаптарының сақталуына қатаң бақылау орнатылатынын ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →