Оған оқу ғимаратында болған өрт себеп болған
Қазақстан-Британ университетінің студенттері онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қазақстан-Британ университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақстан-Британ университетінің студенттері бүгіннен бастап 20-қаңтарға дейін уақытша онлайн оқиды. Бұған оқу ғимаратында болған өрт себеп болып отыр. Өрт зардаптары толығымен жойылғанға дейін университетіміздің білім алушылары қашықтан білім алады”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қаңтардың 11-нен 12-сіне қараған түні ғимараттың шатырынан өрт шығып, мәжіліс залы мен бірнеше әкімшілік бөлмеге зақым келген. 120 шаршы метр аумақты алған қызыл жалын 3 сағатта толық сөндірілген болатын.