×

Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты

Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылды

Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ТЖМ

Алматы қаласы Төле би көшесіндегі Қазақстан-Британ университеті ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

2025 жылдың 11 қаңтарында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері өрттің жоғары 3-ші дәрежесі бойынша Қазақ-британ техникалық университетінде жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстарына объектінің құрылымдық ерекшелігі қиындық тудыруда, нысан 5 қабатты. Қазіргі уақытта 3 автобаспалдақ қолданылды, от әлі оқшауланған жоқ, — деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Шайзада.

Қазір оқиға орнында жедел штаб құрылды. ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру үшін қызметкерлер мен техниканы көбейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 техникасы жұмылдырылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабыны жанып жатыр.

Өрт сағат 00:32-де оқшауланды

Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →