×

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Үкімет

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды. Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылдың сәуір айынан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарған.

49 жастағы Нәлібаев әр жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында жұмыс істеген. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметінен босатып, оның орнына Роман Склярды тағайындаған еді. Роман Скляр 2022 жылдың қаңтарынан бері премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →