×

Иранмен бейбіт келісім жақын ба: АҚШ әскери операциясын тоқтатты

Иранмен бейбіт келісім жақын ба: АҚШ әскери операциясын тоқтатты
REUTERS/Amr Alfiky

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін бағалау үшін Ормуз бұғазында кептеліп қалған кемелерді шығарып салу операциясы «қысқа мерзімге» тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, «Бостандық жобасын» (Project Freedom) іске асыру Пәкістан мен өзге де елдердің өтініші бойынша, сондай-ақ Иранмен келісімге келудегі «айтарлықтай прогреске» байланысты кідіртілген.

«Блокада күшінде қалғанымен, келісімге қол қою мүмкіндігін анықтау үшін операция уақытша тоқтатылады», - деп жазды АҚШ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ақпан айының соңында басталған «Эпикалық қаһар» операциясы өз мақсатына жеткенін және АҚШ келесі кезең – «Бостандық жобасына» көшетінін мәлімдеген болатын. АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, кемелерді сүйемелдеуге эсминецтер, ұшақтар және 15 мың әскери қызметші жұмылдырылуы тиіс еді.

Алайда Ормуз бұғазындағы соңғы шабуылдар бейбіт бітімнің бұзылу қаупін тудырып отыр. Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы жүк кемесіне «белгісіз снаряд» тигенін хабарласа, БАӘ билігі екінші күн қатарынан Иранның зымырандары мен дрондарын атып түсіріп жатқанын мәлімдеді. Өз кезегінде Иран парламентінің спикері Мохаммед-Багер Галибаф АҚШ пен оның одақтастарын блокада енгізу арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деп айыптады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →