×

Алматыда Абай атындағы университеттің студенті 8-қабаттан секіріп, жан тапсырды

Студенттің оқу үлгерімі жақсы, тәртібі бойынша ескертулер болмаған

Алматыда Абай атындағы университеттің студенті 8-қабаттан секіріп, жан тапсырды
Фото: Qumash

Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті 8-қабаттан секіріп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 6 мамыр күні шамамен сағат 09:00-де болған. 

Qaz365.kz оқыс оқиға бойынша оқу орнына арнайы сұраныс жіберген болатын.

«Abai University» медиа орталығының мәліметі бойынша, қаза болған студент аталмыш оқу орнының 1-ші курсында «Философия» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген.

«Университеттің Психологиялық қолдау қызметінің мәліметіне сәйкес, студент осы оқу жылы ішінде психологиялық көмекке жүгінбеген, мамандардың қабылдауында болмаған. Оның психологиялық жай-күйіне қатысты қандай да бір шағымдар немесе алаңдаушылықтар тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студенттің оқу үлгерімі жақсы, тәртібі бойынша ескертулер болмаған. Кейбір ақпарат көздері таратқандай, бұған сессияның ешқандай қатысы жоқ», – делінген «Abai University» медиа орталығының хабарламасында.

Университет басшылығы қайтыс болған студенттің отбасымен кездесіп, қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері белгісіз. Аталған факт бойынша құзырлы органдар тарапынан тексеру және тергеу амалдары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →