×

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды

Продюсер Меруерт Өтекешоваға тон, зергерлік бұйымдар сыйлап, өмір бойы қаржылай қолдау көрсететінін айтты

"Сіздің жылағаныңызды қаламаймын": Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегіне" пәтер алып беретін болды
Видеодан кадр

Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған Қыз Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешовамен алғаш рет жүзбе-жүз кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Продюсер бұған дейін уәде еткендей, актрисаға тон мен эксклюзив зергерлік бұйымдар сыйлады. Сонымен қатар Алагөзова Өтекешова өзі таңдаған пәтерді алып беретінін мәлімдеді.

Көз жасына ерік берген актрисаға Баян Мақсатқызы ағынан жарылды. 

«Мен сіздің жылағаныңызды қаламаймын, мен сіздің қуанғаныңызды қалаймын. Тағы да айтамын, сіздей адам болған жоқ, әрі болмайды. Мен сізге пәтер сыйлағым келеді. Қандай пәтер қалайсыз, дәл сондайын, қай ауданнан қаласаңыз, сол жерден алып беремін. Сізге уәде беремін, екі айдың ішінде өзіңіз айтқан ауданнан пәтер таңдап береміз. Сіз ең жақсы жағдайда өмір сүруге лайықсыз. Білесіз бе, сіз әрдайым маған арқа сүйей аласыз. Мен сізді қатты жақсы көремін. Сізді алғаш рет көріп тұрмын, бірақ мен сізге әрдайым, әрдайым тәнті болдым. Бұл – шындық», - деді продюсер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде зейнетақы төлейтінін жариялаған болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →