Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров өзінің туған қаласы — Степногорск қаласына келді. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған халықаралық бокс турниріне қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы журналист Ерзат Серғазин Instagram-парақшасында жазып, комикпен бірге түскен суретін жариялады. Жас боксшыларға арналған жарыс 20–25 сәуір күндері Степногорск қаласында өтіп жатыр.

«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокс турниріне Степногорск тумасы, танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров қатысты», — деп жазды Серғазин.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 ақпанда Нұрлан Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған болатын. Қазақстанға оралған әзілкеш әлеуметтік желідегі барлық жазбаларын өшіріп, оқиғаға қатысты ресми пікір білдіруден бас тартты. Ол бұл мәселемен заңгерлері айналысып жатқанын ғана айтып, қысқа қайырды.