×

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік ұйымы климат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Кездесу барысында Қазақстан президентінің Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы да қозғалды

Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік ұйымы климат пен қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Фото: Ақорда

Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Кездесудің негізгі тақырыптары климаттың өзгеруі, қауіпсіздік және серіктестік мәселелері болды. ЕҚЫҰ басшысы елордаға Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін келген. Кездесу барысында министр қонаққа климат өзгерісіне арналған жиынға қатысқаны үшін алғыс айтты.

«Біз сізге климаттың өзгеруіне қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған Өңірлік экологиялық саммитке белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Бұл күн тәртібі ЕҚЫҰ қызметінің экономикалық-экологиялық бағытымен үйлеседі», — деді Ермек Көшербаев.

Оның айтуынша, Орталық Азия елдері «жасыл» бағытты ілгерілетуге ерекше мән беріп отыр. Саммит су ресурстарын сақтау және экологиялық сын-қатерлерге қарсы нақты шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берген. Министр елдің ЕҚЫҰ қағидаттарына адалдығын атап өтіп, серіктестікті одан әрі дамыту маңызды екенін жеткізді.

Феридун Синирлиоғлу қазақстандық тарапқа жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Ол ЕҚЫҰ өңір елдерін климатқа бейімделу және таза энергияға көшу бағытында қолдауға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның ұйым үшін сенімді серіктес екенін атап өтті. Келіссөз қорытындысында тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Еске сала кетсек, Алматы қаласындағы Пушкин көшесінің бойында орыс ақыны Александр Пушкинге арналған тағы бір мүсін пайда болды. Қоғамда жаңа мүсіннің көркемдік шешімі де талқыланып жатыр. Олар қазақ зиялыларына арналған ірі композициялық ескерткіштердің жоқ екенін алға тартады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →