Ішкі істер министрлігі Азаттыққа жіберген ресми жауабында 2026 жылы үш айда 14 мыңға жуық ресейлік Қазақстанда тұруға рұқсат алғанын мәлімдеді. Ондағы мәліметке сүйенсек, 2022 жылдан бері Қазақстаннан уақытша тұруға рұқсат алған ресейліктер біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Министрлік дерегінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында 13 989 Ресей азаматына уақытша тұруға рұқсат берілген. Жалпы, қазіргі уақытта елде мұндай рұқсат алған шамамен 14 мың ресейлік бар.
Соңғы жылдардағы көрсеткіштер мынадай:
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан заңнамасына сай шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат бір жылға дейін беріледі. Одан ұзағырақ тұруға рұқсат алу үшін ықтиярхат алуы қажет.
Айта кетейік, соңғы жылдары елге келген шетелдіктердің саны түрлі факторларға байланысты өзгеріп отыр.
Еске сала кетсек, Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынған танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров Қазақстандағы туған қаласына келді.