×

«Добын алмақ болған»: Теміртауда үш баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті

«Добын алмақ болған»: Теміртауда үш баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті
Фото: Бейнеден кадр

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында 22 сәуір күні 4а шағынауданында 3 баланы тоқ соғып, ауруханаға түсті. Видеоны түсірген тұрғынның сөзіне қарасақ, тоқ темір қақпаның үстінен тартылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға құрылыс алаңы маңында болған. Металл қоршаудың үстімен оқшауланбаған кабель тартылғаны белгілі болды.

Балалар қоршаудан асып кеткен допты алмақ болған. Сол сәтте бір баланы тоқ соғып, кейін тағы екеуі зардап шеккен.

Полиция «салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Балалар дәрігерлердің бақылауында.

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында 22 сәуір күні кәріз-тазарту сорғы станциясында екі адам қаза тапты

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →