×

Желідегілер Алматыдағы бір көшеге Мұхтар Шахановтың есімін беруді сұрады

Желідегілер Алматыдағы бір көшеге Мұхтар Шахановтың есімін беруді сұрады

Жұртшылық әлеуметтік желіде күні кеше қайтыс болған ақын Мұхтар Шахановтың атына көше беру жайлы ұсыныстарын жазып жатыр. Бірі Тимирязев, ал енді бірі Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына ауыстыру керек екенін айтып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал желі қолданушылардың бір бөлігі Розыбакиевтің қазақ жеріне еңбегі сіңгенін айтып, Гоголь, Гагарин, Пятницкий сынды көше атауын ауыстыруға болады деген пікір жазды.

«Алматыда Розыбакиев көшесі Мұхтар Шаханов атына ауыстырылсын!» — деді baitenovs атты  парақшаның иесі.

«Гоголь немесе Гагарин көшесін ауыстырса болады. Розыбакиев — қазақ жеріне еңбегі сіңген тұлға ғой», — деді Гүлжеңіс Серікбай атты желі қолданушысы.

«Басқа орысша аталған көшелер бар ғой: Пятницкий, Ладыгина, Черепанов. Розыбакиев қазақ тілін оқытуға және насихаттауға көп жұмыс жасаған», — деді тағы бір желі қолданушысы.

«Мен Алматыдағы Тимирязев көшесінің атын Мұхтар Шаханов көшесі деп ауыстырғанын қалар едім. Сол кезде Шаханов пен өмір бойы сыйласқан, жыр арнаған аға-досы Жароков екеуінің көшелері қиылысар еді», — деді Ақнұр есімді желі қолданушысы.

Айта кетейік, былтыр белсенділер Абдулла Розыбакиев көшесін Мұхтар Мағауин атына өзгерту туралы бастама көтеріп, Мағауин орталығын ашу керектігін айтқан еді. 

Абдулла Розыбаекиев деген кім? Ол публицист. Бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) мұсылман жұмысшылар одағының хатшысы болған. Ол бастапқыда медреседе, кейін орыс мектебінде білім алған. «Камбағарлар авази» («Кедей дауысы») газетінің редакторы болды. Ашаршылық кезінде азық-түлік жеткізуге атсалысқан. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болған.

Бүгін Мұхтар Шахановтың жаназасы туған жерінде шығарылып, жер қойнына тапсырылды. Айта кетейік, Qaz365.kz редакциясы Мұхтар Шахановтың өмірі мен ерлігі жайлы мақала жазған еді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →