×

«ҚазТАГ» агенттігінің Facebook пен Instagram парақшалары бұғатталды

«ҚазТАГ» агенттігінің Facebook пен Instagram парақшалары бұғатталды

Қазақстандағы танымал БАҚ өкілдерінің бірі — ҚазТАГ агенттігінің Facebook және Instagram парақшалары жалған шағымдардың кесірінен бұғатталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Редакция мәлімдеген ақпаратқа зер салсақ, платформа материалдарды «авторлық құқық бұзылды» деген желеумен өшірген. 

Алайда бұл контенттің бір бөлігі агенттіктің өзіне тиесілі, ал бір бөлігі ресми деректерге, мысалы, Бас прокуратураның баспасөз хабарламалары мен Қазгидромет болжамдарына негізделген.

Сонымен қатар Қазгидромет өз тарапынан ешқандай шағым жолдамағанын мәлімдеді. Кейін белгілі болғандай, арыздар жарияланымдарға қатысы жоқ үшінші тараптан түскен. Қазіргі таңда редакция Meta Platforms компаниясына жүгініп, парақшаларды қайта қалпына келтіруді сұраған.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында  КазТАГ ақпараттық агенттігінің бас редакторы Әмір Касенов 274-бап, яғни «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша күдікті деп танылды. Әмір Қасенов қазіргі уақытта үйқамақта. Ал агенттіктің директоры Әсет Матаев 17 наурыз күні кешке «Достық Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының маңында болған төбелестен кейін ұсталды. Кейін ол өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын және зардап шеккенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды
Бүгін, 14:19

Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді
Енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі
Қоғамда билікті ашық сынға алуға қатысты қорқыныш деңгейі жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →