×

Петропавлда көпір құрылысына бөлінген миллиардтар жымқырылды

Петропавлда көпір құрылысына бөлінген миллиардтар жымқырылды
Фото: freepik.com

Қаржылық мониторинг агенттігі ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нұсқасына зер салсақ, мердігер компания Петропавл қаласында салынып жатқан жол өткеліне бөлінген бюджет қаражатын жеке пайдасы үшін алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы Петропавл қаласы әкімдігінің жол жөндеу жұмыстарына жауапты бөлімі «БУКА» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Құжатқа сәйкес, жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын автожол өткелін салу көзделген. Алайда мердігер құрылыс мерзімдерін бірнеше рет бұзғанына қарамастан, бюджет қаржысын алуды тоқтатпаған.

Тергеу дерегіне қарағанда, компания директоры лауазымды тұлғалармен келісімге келген. Ол іс жүзінде орындалмаған жұмыстарды «орындалды» деп көрсетіп, жалған актілер тапсырған. Ал әкімдік тарапынан бұл құжаттар тиісті тексерусіз қабылданып отырған. Осындай заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келгені айтылады.

Қазіргі таңда мердігер компанияның директоры сот шешімімен қамауға алынып, іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жалған актілерге қол қойған шенеуніктерге қатысты қандай шара қолданылғаны әзірге нақтыланбады.

Сот шешімімен компанияның 270 млн теңгеден асатын 24 бірлік техникасы да қамауға алынған.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында ақын Мұхтар Шахановты ел ақтық сапарға шығарып салу үшін жиналды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →