Ұлтына қалтқысыз қызмет еткен Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 19 сәуірде дүниеден озды. Ақынмен қоштасу рәсімі Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұммен қоштасу рәсімі Алматы қаласында 21 сәуір күні сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Ас беру рәсімі сол күні сағат 13:00-де Достық даңғылы, 341/1 мекенжайындағы LuxHall банкет залында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Qaz365.kz редакциясы Мұхтар Шахановтың өмірі мен ерлігі жайлы мақала жазған еді.