×

Каспий теңізінің жағалауынан жүзге жуық өлі итбалық табылды

Каспий теңізінің жағалауынан жүзге жуық өлі итбалық табылды
Балық шаруашылығы комитеті

17 сәуірде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына итбалықтардың өлекселері шығып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

«Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметінше, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, мамандар 97 өлі жануарды тіркеген. Алдын ала болжам бойынша, өлекселерді жағаға батыстан соққан қатты жел шығарып тастаған. Оқиға орнына резерват өкілдері, балық шаруашылығы инспекциясы, экологтар, ветеринарлар және Гидробиология және экология институтының ғалымдары келіп жетті.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, жануарлардың қырылу себебін анықтау үшін сынамалар алу жұмыстары жүргізілуде. Гидробиология және экология институты мамандарының бағалауынша, итбалықтар осыдан бір ай бұрын қырылуы мүмкін, алайда оларды жағаға жуырдағы дауылды жел ғана шығарған. Тексерістен кейін жануарлардың өлекселері жойылады.

Айта кетейік, Каспий жағалауында итбалықтардың жаппай қырылуы биыл алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның Каспий жағалауынан 400-ден астам өлі итбалық табылған болатын. Қазіргі таңда жағалау сызығына мониторинг жалғасып жатыр, жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →