×

Шымкентте 1,7 млрд теңге бос жатқан жерге бөлінген

Шымкентте 1,7 млрд теңге бос жатқан жерге бөлінген
Richard Solash

Шымкент қаласының прокуратурасы инфрақұрылым жүргізуге бөлінген 1,7 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алды. Бұл туралы қалалық қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокурорлық тексеріс барысында инженерлік желілер құрылысына арналған қаржының іс жүзінде ештеңе жоқ аумаққа қарастырылғаны анықталды. Тексерілген шағыеһнауданда тұрғын үйлер салынбаған және халық тұрмайды. Сонымен қатар, жер телімдерінің бір бөлігі әлі бөлінбегені, ал жобалық құжаттаманың нақты жағдайға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Қадағалау органының мәліметінше, аталған жоба экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды, себебі бос жатқан аумаққа қазірден бастап коммуникация тартудың еш қисыны болмаған. Прокуратураның араласуынан кейін бюджеттік жоспарлау қайта қаралып, негізсіз бөлінген 1,7 миллиард теңге үнемделді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →