×

Зейнетақы жинағымен ипотеканы жабу қиындамақ

Зейнетақы жинағымен ипотеканы жабу қиындамақ
Pixabay

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2026 жылдың 17 сәуірінен бастап екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық қарызды зейнетақы артықшылығы есебінен ішінара немесе толық өтеген кезде тек негізгі борышты ғана жабуға рұқсат етіледі. Ал ай сайынғы төлемге кіретін сыйақылар мен несие бойынша өзге де берешектерді азаматтар өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.

Ережеге сәйкес, зейнетақы төлемдерін пайдалануды растау үшін enpf-otbasy.kz платформасына негізгі борыш бойынша қалдықты көрсететін қарыз туралы анықтаманың жаңа нысанын жүктеу қажет. «Отбасы банк» екінші деңгейлі банктерге клиенттерге осындай үлгідегі анықтамаларды беру қажеттігі туралы тиісті хаттар жолдаған.

Айта кетейік, бұл шаралар зейнетақы активтерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету және несиелік міндеттемелерді реттеу мақсатында енгізіліп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тоқал боламын»: Дарын Мубаровтың уағыздары қоғамды қайда бастап барады?
Бүгін, 09:35

«Тоқал боламын»: Дарын Мубаровтың уағыздары қоғамды қайда бастап барады?

Елімізде әкімшілік жауапкершілікке тартылған кейбір дін өкілдері де әлеуметтік желілерде уағыз жариялап жүр
Бұл туралы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады
Пәкістан қазақтарының елге келе алмай жүргеніне 18 жылдың жүзі болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →