×

Ақтөбе тазалық үшін күресті жалғастыруда: Қала әкімі Азамат Бекет жастармен бірге қоқыс жинап жүр

Ақтөбе тазалық үшін күресті жалғастыруда: Қала әкімі Азамат Бекет жастармен бірге қоқыс жинап жүр
Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық акциясы аясында студенттер мен белсенді жастар қала сыртын заңсыз төгілген қоқыстан тазарту жұмыстарына үлес қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл шараға қатысқан қала әкімі Азамат Бекет 150 жаспен бірге қоқыс жинап, коммуналдық қызмет жұмысшыларына көмек көрсетті.

Сонымен қатар, бүгін Ақтөбеде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула» шарасы да ұйымдастырылып, оған тұрғындар қатысты, өздерінің аула аумақтарын жинады. 

«Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтөбеде 28 наурызда екі айлық сенбілік жарияладық. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, жастар жаппай қатысып жатыр. Міне, бүгін қала сыртына тұрғындар заңсыз төгіп кеткен қоқысты жастармен бірге тазартуға шығып тұрмыз. Бұл шараға қазір 130-дан астам студенттер мен еріктілер қатысуда. Осыған дейін өткен үш сенбілікке 10 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде қала аумағынан 14 мың тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, қала сыртында қоқысты полигонға жеткізбей төгіп кету фактілері де кездесіп отырғанын айта кету керек. Мысалы, «Ғарыш сапары» геопорталы қала аумағынан заңсыз төгілген 74 қоқыс үйіндісін анықтады. Бүгінгі күнге дейін 48 қоқыс үйіндісі толықтай жойылды. Қалғаны бойынша қазір мердігерлер жұмыстанып жатыр» - деді Азамат Бекет. 

Қала әкімінің айтуынша, қоқысты  белгіленбеген жерлерге заңсыз төгіп кетумен күресте учаскелік полицейлердің бақылауы күшейтілді. Мәселен, заңсыз қоқыс төккен 1191 адамға әкімшілік шаралар қолданылды (оның ішінде ескертуі бар, айыппұлы бар). Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 486 875 теңгені құраған.

Қала әкімдігі тұрғындарды тазалыққа, тәртіпке шақыру шараларын жастарды тарту арқылы да жалғастыра бермек. Мысалы бүгінгі шараға Ақтөбе Сервис колледжінің, Автожол колледжінің, «Болашақ» колледжінің, ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің және Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университет Жоғары колледжінің студенттері қатысты. 

«Біз үшін өзіміз тұратын қаламыздың тазалығына үлес қосу - үлкен мәртебе және асқан жауапкершілік. Тұрғындарды кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Тұрғындар мына жерге ескі жиһаздарына дейін әкеліп лақтырып кеткен. Осы жерден шамалы жүрсе, қалалық полигон бар. Ол жақта тегін қабылдап жатыр қоқысты. Даланы бүлдірмей, сол жерге апарып төксін деп өтінеміз», - деді ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Жансая Базарбаева. 

Айта кету керек, Ақтөбеде тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін тұрғындармен идеологиялық жұмыс та күшейтілді. «Таза аула» акциясы аясында тұрғындар арасында «Менің Ақтөбем»байқауы жарияланды. Ауласын абаттандарған, көгалдандырған кез келген тұрғын осы конкурсқа қатыса алады. Бірінші орынға бір миллион теңге жүлде белгіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Елімізде әкімшілік жауапкершілікке тартылған кейбір дін өкілдері де әлеуметтік желілерде уағыз жариялап жүр
Бұл туралы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →